Өрт қауіпсіздігі және апаттарға жауап қайтару
Компания ПҚОСИ АФ ғимараты үшін Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет жоспарын әзірледі. Жоспар Компанияның барлық жұмыскерлеріне және Компания ғимаратында жұмыс істейтін мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге, сондай-ақ ТЖ кезінде кеңседе болуы мүмкін келушілерге қолданылады.
Іс-әрекет жоспары ықтимал ТЖ түрлерін, ғимараттағы адамдардың іс-әрекеттерін, ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау жолдарын, жауапты және эвакуацияланатын тұлғалардың міндеттерін анықтайды. Іс-әрекет жоспарына сәйкес жылына екі рет «өрт» және «жер сілкінісі» сигналдары бойынша эвакуациялау жаттығулары өткізіледі.
Мерзімді түрде кеңсе жұмыскерлерімен өрт сөндіргіштерді пайдалану бойынша жаттығулар өткізіледі.
Кеңседе бірыңғай апаттық қызмет нөмірі («5555») енгізілген және тәуліктік апаттық оператор жұмыс істейді.
Әр қабатта бастапқы көмек дәрі қобдишасы бар. Әрбір апаттық шығудың жанында ең қажетті заттармен, соның ішінде өзін-өзі құтқарғышпен жабдықталған апаттық жәшіктер бар.