ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Өндірістік объектілердегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – компанияның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Табиғат қорларын тиімді пайдалану жұмыстарына инвестицияларды салу арқылы «ПетроҚазақстан» компаниясы барлық өндіріс объектілері мен іргелес аумақтардағы экологиялық жағдайды жақсартуға жол беретін инфрақұрылым объектілерін тұрғызуда.
Өндірістік үдерістердің қоршаған ортаға келтіретін ықпалын азайту мақсатында Компания жыл сайын табиғатты қорғау шараларына, халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін ресурс үнемдеуші технологиялар мен үрдістерді ендіруге айтарлықтай қаражат бөліп отырады.
«ПетроҚазақстан» компаниясы әлеуметтік экологиялық жобаларға белсенді түрде қатысуда. Қоғамдық бірлестіктермен бірге қала аумағында және компанияның құрылымдық бөлімшелері бар өндірістік объектілерде ағаштар мен жасыл көшеттерді отырғызу науқандары жыл сайын жүргізіледі.
«ПетроҚазақстан» компаниясы мұнай-газ бен энергетикалық кешен аясындағы «KAZENERGY» Қазақстан ұйымдары бірлестігінің Экология, әлеуметтік жауапкершілік және айқындық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің белсенді мүшесі болып табылады.
Ірі экологиялық апаттардың алдын алу, атмосфераға залалды заттардың шығарылуы, ағын сулар мен қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша талаптарды сақтау, қалдықтарды қайта өңдеу және қайтадан пайдалану компанияның табиғатты қорғау саласындағы қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
2025 жылы «ПҚҚР» АҚ-да ISO 14001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес экологиялық басқару жүйесі ендірілді және жұмыс жасайды.
«ПҚҚР» АҚ-ында Ілеспе мұнай газын кәдеге жарату бағдарламасын іске асырылуда, осы бағдарлама аясында электр қуатын өндіруге және газды қабатқа айдауға арналған өндірістік инфрақұрылым өндірілген газдың толық көлемінің 90%-ына дейінгі үлесін кәдеге жаратуға мүмкіндік береді.
Операциялық мониторингтеу аясында Құмкөл кен орнындағы ГТЭС-тегі ГТҚ-4 және ГТҚ-5 шығарындыларының екі стационарлық көздерінде автоматтандырылған экологиялық мониторингтеу жүйесін орнату жобасы іске асырылды.
Экологиялық жобаларды әзірлеу, тиісті түзетулер енгізу процесінде жіберілген қателіктерге уақтылы ден қою үшін, сондай-ақ әртүрлі облыстарда орналасқан «ПҚҚР» АҚ кәсіпорнының объектілерінде өндірістердің әртүрлі түрлері бойынша экологиялық төлемдердің, эмиссиялардың есебін жүргізу үшін «Эра» бағдарламалық кешені сатып алынды.
Аймақтық деңгейде «ПҚҚР» АҚ – қазіргі таңда өндірістік қызметтің қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз ықпалын әлдеқайда төмендетуге жол беретін табиғатты қорғау объектілерінің ең кең ауқымына ие болып келетін жалғыз мұнай өндіруші кәсіпорын. Осындай объектілерге:
Құмкөл кен орнындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау, қайта өңдеу және көміп тастау полигоны.
Арысқұм кен орнындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау, қайта өңдеу және көміп тастау полигоны.
Құмкөл кен орнындағы төмен радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау объектісі.
Қызылқия кен орнындағы бұрғылау қалдықтарын қабылдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату учаскесі жатады.
Кәсіпорын тарапынан бұрғылау қалдықтарын қабылдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша жеке полигонын салу жөніндегі шаралар жүзеге асырылды. Ұңғымаларды орнату жұмыстары барысында пайда болатын бұрғылау қалдықтары аталмыш объектіге тасымалданады. «Бұрғылау қалдықтарының мәртебесін тоқтату рәсімі» әзірленіп бекітілді. Техногендік топырақты өндіру үшін бұрғылау қалдықтарын қайта өңдеудің техникалық шарттарын сипаттайтын Компанияның ішкі стандарты жасалды. «Техногендік топырақ» мемлекеттік стандартына сәйкестігін растамасымен бірге Ұлттық сараптама орталығының қорытындысы және сәйкестік сертификаты алынды.
Ерекше назар кен орындарының барлық өндірістік және әкімшілік объектілерінде қалдықтардың бөлек жиналуына аударылады:
компания жұмыскерлерімен және мердігерлермен қалдықтарды бөлек жинау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
қалдықтардың түзілу орындарынан пластик қалдықтарын бөлек тасып шығару жүзеге асырылады
пластикалық қалдықтарды кәдеге жарату туралы шарт жасалды
Құмкөл кен орнының биологиялық тоғандарындағы тозған сужібергіштерді қалпына келтіру жұмыстары орындалды. Арысқұм кен орнының биологиялық тоғандарында блокты-модульдік ағынды суларды тазарту қондырғысын орнату жобасы іске асырылды.
Осының барлығы болашақта өндірістік қалдықтарды тиімді түрде басқару мәселелерін олардың туындау сәтінен бастап-ақ шешуге мүмкіндік береді.
2018 жылы «ПҚҚР» АҚ Ресейдің Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және «КРЕОН» тобы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен (UNEP СА) серіктестікте және ҚР ЭМ АҚ қолдауымен ұйымдастырған Қазақстан мұнай-газ компанияларының Бірінші жыл сайынғы экологиялық жауапкершілік рейтингінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы компаниялар арасында III-ші орынға ие болды.
2022 жылы «ПҚҚР» АҚ «Tech Garden Awards 2022» сыйлығының «Үздік экологиялық жоба» номинациясында мұнай өңдеу үдерісінде пайда болған және алдыңғы тарихи кезеңде жинақталған жарамсыз мұнайды және мұнай қоқырын қайта өңдеу бойынша жүргізілген тәжірибелік жұмыстар (ҒЗТКЖ) үшін жеңімпаз деп танылды. Қайта дайындау RSE-501 типті Мұнай қалдықтарын қайта өңдеу қондырғысы арқылы жүзеге асырылды. Қондырғы құрылысы «Ғылым қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен «ПҚҚР» АҚ, «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ және «CTSolutions» ЖШС арасындағы үшжақты шарт аясында жүзеге асырылды.