ресми сайт

Мәдени жобалар

Компания әртүрлі мәдени жобалар мен бастамаларды белсенді түрде қолдап тұрады. ПетроҚазақстанның мұндай іс-шараларға қатысуы республиканың мәдени-тарихи мұрасын дамытуға және сақтауға бағытталған.
Осындай жобалардың бірі – Бибігүл Төлегенова атындағы халықаралық вокалшылар конкурсы. Бибігүл Ахметқызының өзі атап өткендей: «Мені және ПетроҚазақстанды көп жылғы ынтымақтастық тарихы біріктіреді. Олар – менің Халықаралық вокалшылар байқауымның тұрақты демеушілері».
Халықаралық байқау 2001 жылдан бері дәстүрлі түрде екі жылда бір рет өткізіліп келеді және Қазақстандағы жалғыз кәсіпқой вокал байқауы болып табылады.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру және жастардың назарын классикалық және халық музыкасының таза қайнар бұлағына аударуға талпыну. Байқау жас дарындарды анықтауға мүмкіндік беріп, қазақтың классикалық өнерінің беделін көтереді және жастардың рухани дамуына себептеседі. Қазақ музыкасының үздік үлгілерін орындау мәдениеттердің өзара сіңісуіне, қазақ халқының жан дүниесінің шынайы сұлулығын ашуға және Қазақстан композиторларының шығармаларын танымал етуге септігін тигізеді.
Сондай-ақ, компания КСРО Халық әртісі Б. Төлегенованың өмірі мен шығармашылығы жайлы көркем-өмірбаянды кітабының қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығару идеясын жүзеге асыруға қатысу және оның бас демеушісі атану құрметіне лайық болды.
2022 жылы ПетроҚазақстан музыкалық іс-шара – Алматыдағы ҚР Халық әртісі Жания Әубәкірованың және дарынды дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі концертінің демеушілерінің бірі болды.
Әр түрлі жылдар ішінде ПетроҚазақстан Алматыда «Франция інжу-маржандары – Ренессанс дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі Француз өнері мен мәдениеті» француз көркем мұрасының көрмесі, ҚР Тәуелсіздік күніне және Алматыдағы мәдениет жылына арналған Орта Азия мен Қазақстанның көрнекті қылқалам шеберлерінің «Күн жылытқан жер» көрмесін ұйымдастыру және өткізу сияқты жобаларды қолдауға қатынасты. «ҚазЭнерджи» Бірлестігінің 10 жылдығына орай 2015 жылдың қыркүйегінде компания тарапынан «Has Sanat» галереясының көркем көрмесі және Айман Мұсахаджаева, Жания Әубәкірова, Димаш Құдайберген және Майра Мұхамедқызы сынды қазақстандық және әлемдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен классикалық әуен концерті ұйымдастырылды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz