ресми сайт

«Добровольное Общество «Милосердие»» Қоғамдық Қоры

«Добровольное Общество «Милосердие» Қоғамдық Қоры – компанияның көпжылдық серіктесі. Қор 2006 жылы құрылған және үш негізгі бағыт бойынша тұрақты жұмысты жүргізеді.
«Балаларға Өмір Сыйла» – қордың тұрақты науқаны, мұнда Қазақстанда емделмейтін дертке шалдыққан балаларды емдеуге қаражат жиналып, емханалар іздестірілуде. Жоба ең алдымен Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жүйелі өзгерістерге бағытталған. Ол үшін жоба аясында қор қазақстандық дәрігерлерді соңғы медициналық технологияларға үйрету үшін шеберлік сыныптарын өткізіп, шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастырады, біліктілігі жоғары мамандардың тартылуымен түрлі проблемалық бағыттардың талдауын жүргізеді.
Жұртшылықты одан әрі ақпараттандыру және қайырымдылық жұмыстарға мүмкіндігінше қатысуға ниет білдіретін көмек беруге құштар қазақстандықтардың санын арттыру мақсатында 2011 жылдан бастап компания «Хабар» телеарнасындағы «Балаларға өмір сыйла» атты бағдарламаның жасалуына және көрсетілуіне демеушілік көрсетіп келе жатыр. Осы бағдарламаның арқасында ауру балаларды емдеуге қаражатты жинау жүргізілуде.
«Аутизм жеңеміз!» жобасы АСБ (аутизм спектрі аясында бұзылу) бар балаларға мамандандырылған көмек көрсету және оларды әлеуметтік бейімдеу мәселелеріндегі жүйелі өзгерістерге бағытталған. Жоба аясында Алматы қаласында АСБ бар балаларға мамандандырылған кешенді көмек көрсетілетін «Аутизмді жеңеміз !» орталығы жұмыс істейді.
«Жетімдерсіз Қазақстан» жобасы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік қамқоршылық жүйесін балалардың отбасыда өсу және тәрбие алу құқықтарын барынша іске асыра алатындай етіп өзгертуге бағытталған. Сонымен қатар, жоба аясында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың Республикалық деректер банкі (РДБ) жұмыс істейді
«Добровольное общество «Милосердие» – қорының қызметі туралы толығырақ ақпарат – Басты бет (detdom.kz)

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz