ресми сайт

Әлеуметтік жобалар

Компания 80 жылдан астам балет әртістері мен би ансамблінің әртістеріне негізгі хореографиялық білім беріп келе жатқан А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің шығармашылық ұжымына қолдау көрсетіп келуде. Қазіргі таңда училище 3 мыңға жуық түлек дайындады, соның ішінде 10 халық әртісі, 60-тан астам Қазақстан мен Ресейдің еңбек сіңірген әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері бар. Соңғы 25 жыл ішінде ғана училищенің оқытушылар құрамы Халықаралық балет және халық биі әртістерінің беделді конкурстары мен фестивальдерінің төрт жүзден астам Лауреатын дайындаған. Училищеде бірнеше республикалық және халықаралық байқау өткізіліп, қазір Шара Жиенқұлованың есімімен аталатын еліміздегі жалғыз жас балет әртістері театры ашылды. Училище түлектері әлемнің жетекші балет сахналарында жұмыс істейді. Училище түлектерінің жоғары бәсекеге қабілеттілігі мен әлемнің көптеген елдерінде оларға деген сұраныс Қазақстан Республикасы хореографиялық өнерінің жоғары беделін көрсетеді.
Ынтымақтастық жылдары барысында компания түлектердің халықаралық байқауларға қатысуларына, кеңсе техникасын сатып алуға, «Пуантыны киіп өткізген уақыт» бейнефильмін жасауға, түрлі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге, училище тәрбиеленушілері үшін сахналық костюмдерді сатып алуға және жыл сайынғы «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының халықаралық байқауының өткізілуіне қаржылық қолдау көрсетті.
Компанияның білім беру, жетім балалармен жұмыс істейтін және мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін ұйымдарға қолдау көрсету саласындағы демеушілік және қайырымдылық жобалары бар. Олардың арасында Алматы қаласындағы жетім және қамқорлықтан айырылған балаларға арналған «№2 балалар үйі», «АРДИ» мүгедек балалардың ата-аналарының бірлестігі, «Кеңес» қоғамы және тағы да басқа ұйымдар бар.
Ерекше көңіл Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бөлініп тұрды, ПетроҚазақстан Алматы қаласы мен Медеу ауданының Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңестеріне, «Оңтүстік Қазақстан ардагерлері – геологтары» ҚБ-ға, «Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл еңбеккерлері» ҚБ-ға қолдау көрсетті.
Қазақстанның әуесқой спорттық федерациялары мен дарынды спортшыларына жиі қолдау көрсету, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жобаларға белсенді қатысу арқылы компания Қазақстандағы спорттың дәріптеуіне айтарлықтай үлесін қосады. Осындай жобалардың ішінде: «Теннис федерациясын», «Burabike» қайырымдылық веломарафонын қолдау және т.б.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz