ресми сайт

«Арай-Sunrise» балалар лагері

Бүгінгі таңда облыс бойынша «Арай-Санрайз» балалар лагері кеңінен танымал болып отыр. Лагерьді жартылай қирап ескіріп-тозып кеткен күйінде алғаннан кейін компания ғимараттарды қайта жаңғырту және оның аумағындағы объектілерді қайта ресімдеу бойынша орасан зор жұмыстарды атқарды. Жазғы лагерьдің қайтадан түлеп-жаңаруы облыстағы өскелең ұрпақты сауықтыру бағдарламасында бетбұрысты кезең болып табылды.
Компанияның аянбай жұмсаған күш-жігерінің арқасында жаңа білімдік-тәрбиелік бағдарлама дүниеге келіп, ойдағыдай өмірге енді. Оның аясында экономикалық, спорттық және шығармашылық сияқты ауысымдар өз іс-қызметін бастады. Олардың мақсаты – қолжетімді әрі қызғылықты түрде білімге, икемділікке және қол еңбегін атқару машықтарына деген сүйіспеншілікті бойға дарыту еді.
Аталған бағдарламаны өмірге енгізу үшін конкурстық негізде жоғары білімді, шығармашылық тұрғыдан ойлайтын педагогтар, бала психологиясын жетік білетін мамандар іріктеліп алынды. Кейініректегі уақытта лагерьдің базасында «Еңбек биржасы» құрылды, биржа аз ғана уақыт ішінде кеңінен танымал бола түсті. Оны құрудағы мақсат балаларға экономикалық білімдер мен қарым-қатынастардың қыр-сырын үйретуге деген тың талпыныс болатын.
Компанияның талаптарын іс жүзінде жүзеге асыра отырып, «Жастар жетістігі» өңірлік орталығының қоғамдық қоры жаз мезгілінде 2016 жылға дейін үлкен жұмыс атқарып келді, соның нәтижесінде «Арай Санрайз» лагеріндегі білім беру-тәрбиелеу жұмыстары өте жоғары деңгейге қойылды. 2017 жылы балалардың белсенді әрі тынымсыз түрде өтетін бос уақытын ұйымдастыру дәстүрін «Мейірім-Үміт» Қоғамдық қоры жалғастырды.

Жазғы лагерьдегі тынығу мезгілінде жиырмадан астам үйірмелер жұмыс жасайды. Халықтық қолданбалы шығармашылық үйірмелеріне сұраныс айрықша арта түсуде. Ұлттың дәстүрлерін, тұрмыс салтын, мәдениетін және қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін қайта түлетіп-жаңғырту мақсатында лагерьде құмыра жасау, кілем тоқу, ши тоқу, сырмақ сыру, құрақ көрпеше құрау, ағашқа ою  салу секілді үйірмелер ашылды, сондай-ақ фольклорлық үйірме де жұмыс істейді, мұнда балалар көне ұлттық аспаптарда ойнауды үйренеді. Балалар үйренетін шеберханалардың өздері де киіз үйлерде орналасқан, бұл жерде балақайлар табиғи таза материалмен жұмыс жасай отырып, ұлттық өнердің қойнауына еніп кеткендей әсерде болады, қазақ шеберлерінің рухы мен өзіндік ерекшелігін сезініп, ұғып-түйсінеді. Ата-бабаларымыздың өнерін қазіргі заман ағымына сай бір арнаға тоғыстыра келе, моншақ тізу, ілмекпен тоқу, жұмсақ ойыншық жасау, пейчворк, киім үлгілерін тігу және басқалар секілді үйірмелер ашылды. Бұл заманауи үйірмелер балалардың эстетикалық таным-талғамын дамыта түсуге септігін тигізетіні анық.

Бейнелеу және мүсін жасау өнері үйірмелерінде жақсыны нәрсені көзбен көруге, табиғи зат пен қоршаған әлемнің сұлулығын айнытпай дәл беруге үйретеді. Мұнда сазбен, пластилинмен, папье-машемен, терімен және талшықпен жұмыс жасайды, матаға салқын батик әдісімен сурет салады. Өткізілетін сабақтар балалардың жеке тұлғасын үйлесімді дамытуға, дарындылығын анықтауға көмектеседі. Барлық бүлдіршіндердің спортты, музыканы және би билеуді ұнататыны онсыз да белгілі, содан да болар, балғындар осында кеңінен танымал бола түскен тоғызқұмалақ, футбол, баскетбол, хореография, халық аспаптары үйірмелеріне көптеп қатысады.
Балалардың шығармашылық қарым-қабілетін дамыту үшін компьютер және экономика клубтары ашылды, мұнда балақайлар бизнестің қыр-сырымен танысады, таныстырылым жасау өнеріне және қаламұш ұстай білуге үйренеді. Балаларды болашақта журналистикалық қызметке даярлау мақсатында «Арай News» балалар газеті ашылды. Бұл газетке бүлдіршіндер өздерінің өлеңдерін, мақалалары мен шығармаларын зор қуанышпен жариялайды. Лагерьде көп оқылатын осы газет арқылы жас тілшілер өткізілген барлық мерекелік шараларды жарыққа шығарады, өздерінің тілек-лебіздері мен құлаққағыстарын білдіріп жатады.
Жыл өткен сайын лагерьдің материалдық-техникалық базасын жақсарта түсу және білім беру-тәрбиелеу бағдарламасын жетілдіру бойынша қарқынды жұмыстар қызу жүргізілуде. Жекелей алғанда, 1999 жылы Компания лагерьді компьютермен жабдықтауға және компьютерлік сауаттылық клубын ашуға қаражат бөлді. Балалардың ортақ қуанышы үшін әртістік шеберлікке үйрететін «Таңғажайыптар әлемі» атты қуыршақ театры ашылды. Жалпы лагерь бағдарламасын орындауға ағылшын тілінде сөйлеуші Қазақстандағы АҚШ бейбітшілік корпусының волонтерлары елеулі үлес қосты. «Cinema» кинозалы ашылды. Бұған қосымша лагерь радиожаймен және заманауи аудио-бейне аппаратурамен жабдықталды. Барлық санитарлық нормаларға сай келетін кір жуу орны, қыздардың гигиена бөлмесі және монша пайдалануға берілді.

2001 жылы Компания ескі бассейнді және тозып кеткен спорт алаңын қайта жаңғыртуға демеушілік етті. Балғындар өздерін нағыз ертегі әлемінде сезіну үшін тәрбиешілердің күшімен сәндік ертегілік композициялар жасалды, атап айтқанда, олар: Робинзон Крузоның лашығы, Шахерезаданың шатыры, Үйшік, Қысқы ертегі, Джунгли бұрышы. Алыстан көз тартарлық сәнді киіз үйлерге шеберлер жайғасқан ұлттық ауыл көрінісі лагерьді ұлттық нақышқа  көмкергендей сипат алды.

Балалардың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бірқатар спорттық шаралар өткізу көзделген. Соның ішіндегі жұртшылыққа кеңінен танылғаны – облыс оқушыларының арасында «ПҚҚР» АҚ кубогы үшін футболдан жыл сайын дәстүрлі турнир өткізіп тұру. Турнирдің абырой-беделі мен танымалдығы талай рет шырқау биіктерден көрінді. Мәселен, сол уақытта жас өрен болған, қазіргі «Қайсар» ФК-ның (Қызылорда), сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғап жүрген атақты футболшылар осы турнир арқылы шеберліктерін шыңдап-ұштаған болатын.
Лагерьде инфрақұрылымды жақсарту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды, соның ішінде: 2002 жылы су алу ұңғымасы тұрғызылды, 2004 жылы – лагерьге электрмен қамту желісі түгел тартылды, 2005 жылы – лагерьдің аумағына «Диірмен» субұрқақ-сарқырамасы орнатылды және бұл аумақ қақпалары бар жұқа темірмен айнала қоршалды, 2006 жылы бақылау-өткізу бекеті орнатылды, лагерь аумағына қоршау жүргізіліп, асханаға жапсарлас түскі ас ішетін зал және жаңа монша мен душ кешені салынды, 2007 жылы – бассейннен су тартатын сорғы орнатылды, 2012 жылы – су алу тоғаны қайта жаңғыртылды, қоршауды бойлай айналма асфальт жол төселді, қоймажайлары бар шаруашылық корпус тұрғызылды, 2013 жылы – футбол алаңы жаңартылып, алаң үсті жасанды көгалмен қапталды.
2014 жылы бассейн өзгеше келбетке ие болды, яғни поликарбонатты қалқандармен қоршалып, айналасы қырлы тастармен жабылды, бассейн аумағына әжетхана кабиналары орнатылып, ішіне унитаздар қойылды, су құбыры мен кәріз жүйесі жүргізілді. Жатын корпустары жаңаланды, шатырындағы толқынды асбест-цемент табақтар алынып, металл жапқышпен ауыстырылды.
2017 жылдың жаңа жаз маусымына қарай матрацтары бар кереуеттер жаңартылды, жаңа музыкалық аппаратура сатып алынды.
Лагерьде инфрақұрылымды жақсарту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды, соның ішінде: 2002 жылы су алу ұңғымасы тұрғызылды, 2004 жылы – лагерьге электрмен қамту желісі түгел тартылды, 2005 жылы – лагерьдің аумағына «Диірмен» субұрқақ-сарқырамасы орнатылды және бұл аумақ қақпалары бар жұқа темірмен айнала қоршалды, 2006 жылы бақылау-өткізу бекеті орнатылды, лагерь аумағына қоршау жүргізіліп, асханаға жапсарлас түскі ас ішетін зал және жаңа монша мен душ кешені салынды, 2007 жылы – бассейннен су тартатын сорғы орнатылды, 2012 жылы – су алу тоғаны қайта жаңғыртылды, қоршауды бойлай айналма асфальт жол төселді, қоймажайлары бар шаруашылық корпус тұрғызылды, 2013 жылы – футбол алаңы жаңартылып, алаң үсті жасанды көгалмен қапталды.
2014 жылы бассейн өзгеше келбетке ие болды, яғни поликарбонатты қалқандармен қоршалып, айналасы қырлы тастармен жабылды, бассейн аумағына әжетхана кабиналары орнатылып, ішіне унитаздар қойылды, су құбыры мен кәріз жүйесі жүргізілді. Жатын корпустары жаңаланды, шатырындағы толқынды асбест-цемент табақтар алынып, металл жапқышпен ауыстырылды.
2017 жылдың жаңа жаз маусымына қарай матрацтары бар кереуеттер жаңартылды, жаңа музыкалық аппаратура сатып алынды.

Нақ сол шақта, арайлықтардың толымды әрі қызықты өмірі баспасөздің қырағы назарының объектісі болған еді және бұдан кейінгі уақытта да солай жалғаса бермек. «Арай Санрайз» балалардың жазғы тынығу лагері екінші мәрте өмірге келген күннен бері жыл сайын 1080 баладан қабылдап келеді, бұған қоса ол республикадағы ең үздік лагерьлердің бірі және балалардың №1 тынығу лагері саналады. Сонымен бірге олардың 50%-ы – бұлар облыс аудандары мен Қызылорда қаласындағы аз қамтамасыз етілген отбастарынан шыққан балалар, Қызылорда қаласының №1 мектеп-интернатындағы және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам интернат үйіндегі ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының және үкіметтік емес сектор өкілдерінің балалары, қалған 50%-ы – компания мен мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің балалары болып отыр. 1997 жылдан бастап «Арай Санрайз» балалар тынығу лагері жаз мезгілінде 20 мыңнан астам бүлдіршіндер үшін бақытты балалық шақ мекеніне айналып келеді. 2016 жылы қызылордалық «Арай Санрайз» балалардың тынығу лагері өзінің құрылғанына 20 жыл толуын атап өткен болатын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz