ресми сайт

Спорт саласындағы жобалар

«ПетроҚазақстан» әлеуметтік қызметінің тағы бір басым бағыттарының бірі бұл өзінің қызмет ететін аймақтарындағы спорттың дамытуы. Мысалы, 1997 жылы Туризм мен спорт басқармасымен бірлесе отырып, Компанияның басшылығы облыстың мектеп оқушыларының арасында «ПетроҚазақстан» компаниясының кубоктары мен жүлделері бойынша баскетбол мен футболдан турнирлер ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. 14 жыл ішінде турнирлердің соншалықты танымал болып, Қызылорда облысының шегінен тыс шығуы қуанарлық жайт. Соңғы жылдары оларда Түркістан мен Ресейден келетін балалар осы турнирлерде жеңіске жетудің аз-ақ алдында жүр. Сол кезде-ақ, 1997 жылы қазақтың көне ұлттық ойыны – тоғыз құмалақ бойынша алғашқы турнир, сондай-ақ мүгедек балалардың арасындағы алғашқы өткізілді. Бүгін осы спартакиадаға жыл сайын 60–80 бала қатысады.
«ПетроҚазақстан» көп жылдар бойы  «Қайсар» футбол клубының бас демеушісі болып табылады. Сонымен қатар, Компания Қызылорда облысындағы ауыр атлетика спортын белсенді дамыту ісіне соңғы бірнеше жылда демеушілік жасап келеді. Атап айтқанда, Компания 2008 жылғы Пекиндегі ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы болған Илья Ильинді дайындауға тікелей көмек көрсетті.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz