ресми сайт

Қызылорда облысының дарынды жастарына қолдау көрсету бойынша стипендиялық бағдарлама

2005-2015 жылдар аралығында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Қызылорда облысының дарынды жастарын қолдауға арналған стипендиялық бағдарламаны жүзеге асырды.
Жоба Қызылорда облысы әкімдігінің көмегімен және қолдауымен Қызылорда облысының болашағын дамытуға зияткерлік үлес ретінде құрылды.
Бұл жоба жастарға сапалы білім беру идеясына негізделіп, сайып келгенде компания үшін жоғары кәсіби және дайын кадрларды құруды көздеді. «Мұнай инженериясы», «Геофизика», «Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау», «Инженерлік геология», «Технологиялық жабдық және автоматты басқару технологиясы», «Электрондық ақпараттық инженерия», «Ақпараттық жүйелер және басқару», «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» және т.б. сияқты ең танымал мамандықтар бойынша бакалавр дәрежесін күндізгі бөлімде оқып алуды қамтитын «Шәкіртақы бағдарламасы» осылай дүниеге келді. Студенттер Канада, Қытай және Қазақстанның үздік салалық университеттерінде оқыды.
ПетроҚазақстан компаниясының Қызылорда облысы бойынша шәкіртақы бағдарламаны қаржыландыруға бөлген қаражаты келесі шығындарды қамтыды:
Білім
Тұратын жері
Шәкіртақы
Дербес компьютер
Оқулықтар мен кеңсе тауарлары
Қызылордадан оқу орнына дейін және кері жол жүру ақысы
Медициналық сақтандыру, шетелде оқитын студенттерге виза алу.

Соңғы үш жылда «ПетроҚазақстан» компаниясының Қызылорда облысы бойынша стипендиялық бағдарламасының грантын иеленгендер төмендер беріліп отыр:

2013 жыл

  1. Ербол Өскен
  2. Айжан Марат
  3. Назым Қазбек
  4. Тимур Ахмет
  5. Серікбол Оралбек
  6. Ерболат Тулепбаев
  7. Дана Алтынбек
  8. Шынтас Канатулы

2014 год

  1. Бекарыстан Қосай
  2. Әлімжан Қалмағамбет
  3. Асылзат Төлепбергенова
  4. Мансұр Жұмабеков
  5. Арман Әуелбек
  6. Балнур Есенбай

2015 год

  1. Қозыбек Айшуақ
  2. Садықов Абылайхан
  3. Абдулла Ержан
  4. Өмірбай Сұлтан
  5. Бүркітбай Данабек
Стипендиялар бағдарламасының аясында 115 қазақстандық студент жоғары білім алды, бұл бағдарламаның құны 2,54 миллион АҚШ долларын құрады.
Үміткерлердің көпшілігі Бейжіңдегі Қытай мұнай университетінде оқыды. Бұл Қытайдың мұнай саласындағы алғашқы жоғары оқу орны және оны мұнай саласына қажетті кадрлардың ұстаханасы және мұнай-газ инженерлерінің талбесігі деп атайды. ПетроҚазақстан компаниясы Қытай мұнай университетімен 2006 жылы мамандар даярлау және компанияның жұмысшы персоналының біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық орнатты. Бұл достық айтарлықтай жемісті болды – жыл сайын ПетроҚазақстан бағдарламасының он шақты стипендиаты осы университетте оқыды, ал біліктілікті арттыру курсынан компанияның мыңға жуық жұмыскері өтті.
Бүгінгі таңда 41 стипендиат компанияда жұмыс істейді және компанияның өндірістік қызметіне белсенді түрде атсалысуда. 5 адам басшылық лауазымдарды атқарады, басқалары инженер және маман болып еңбек етуде.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz