ресми сайт
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін өңдеумен, тасымалдаумен, сақтаумен айналысатын Қазақстан Республикасының жетекші кәсіпорындарының бірі бола отырып, жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға, персоналды қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге, олардың денсаулықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғау қажеттілігіне, энергия ресурстарын тұтынуды реттеуге және бақылауға деген өзінің жауапкершілігін сезінеді.
«ПҚОП» ЖШС сапа, өндірістік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Саясатының негізгі қағидалары:
- Тұрақты даму мен қауіпсіздік ең басты басымдық ретінде қарастырылады.
- Өндірістік қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен қолданыстағы басқа да талаптардың аясында орындау, сондай-ақ осы талаптарды бұзғаны үшін персоналдың экономикалық және басқа да жауапкершілігін белгілеу.
- Экологиялық және пайдалану сипаттамалары жақсартылған отындарды шығару.
- Жоғары сапалы өнімдердің өнімділігін арттыруды, экологиялық көрсеткіштерін жақсартуды, энергия тұтынуды оңтайландыруды және энергия тиімділігін жоғарылатуды, персонал қауіпсіздігінің кепілдігін қамтамасыз ететін жаңа технологияларды енгізу.
- Персоналдың кәсіби деңгейі мен біліктілігін тұрақты жоғарылату, олардың өндірістік қызметін ынталандыру.
- Өндірістің қоршаған ортаға, персонал мен жақын маңда орналасқан елді мекен тұрғындарының денсаулығына зиянды әсерін азайту.
- Өндіріс көлемін ұлғайту жағдайларында қауіп-қатер деңгейін төмендету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Заманауи ақпараттық технологияларды, техникалық диагностикалау және қашықтан зондтау әдістерін енгізу негізінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылаудың тиімділігін арттыру.
- «ПКОП» ЖШС-ның қызметіне байланысты болатын қауіпсіздік және денсаулық саласындағы кез-келген әлеуетті қауіптіліктерді минимумға жеткізу және адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғау.
- Қауіпсіздік – бірінші кезекте!
- Қауіпсіздік – барлығына қатысты!
- Қауіпсіздік – жоспарлы және тұрақты жұмыс!
- ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ҚР СТ ИСО 50001 стандарттарының талаптарына сәйкес келетін біріктірілген менеджмент жүйесін тұрақты жақсарту.