ресми сайт

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару, оларды сақтау қызметімен айналысатын жетекші және технологиялық дамыған кәсіпорындарының бірі.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС: 

  • жоғарысапалыөнімшығаруға;
  • жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және жұмыскерлерінің денсаулығына қамқорлық жасауға;
  • қоршаған ортаны қорғауға;
  • энергия ресурстарын тұтынуды реттеуге және бақылауға;
  • активтерді тиімді пайдалануға деген өзінің жауапкершілігін сезінеді.

«ПҚОП» ЖШС өз қызметінде:

  1. Тұрақты даму мен қауіпсіздік – біздің басты басымдығымыз.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасын және басқа да қолданылатын талаптарды сақтау.
  3. Акционерлеріміз – «ҚазМұнайГаз» ҰКАҚ-ныңжәне CNPC-діңнысаналы (мақсатты) көрсеткіштері мен талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
  4. Жұмыскерлердің кәсіби дамуы және олардың біліктілігін арттыру.
  5. Еңбек қауіпсіздігін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды жақсартуға, энергия тиімділігін жоғарылатуға, қызметті, өнімділікті және активтердің сенімділігін жақсартуға персоналды ынталандыру және тарту.
  6. Жұмыскерлерге немесе олардың өкілдеріне кеңес беру және олардың қатысуы.
  7. Инвестициялық тартымдылықты арттыру.
  8. Экологиялық және пайдалану сипаттамалары жақсартылған отын шығару.
  9. Жаңа жабдықтарды, жаңа басқару әдістері мен технологияларды қолдау және енгізу.
  10. Қоршаған ортаға, жұмыскерлердің денсаулығына және жақын маңда орналасқан тұрғын алаптары тұрғындарының денсаулығына кәсіпорынның зиянды әсерін азайту.
  11. Қызметімізге байланысты тәуекелдерді басқару.
  12. Өнімділікті жоғарылату, еңбек қауіпсіздігін, еңбекті қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды жақсарту, энергия үнемдеуді жоғарылату, активтерді тиімді пайдалану және тәуекелдерді азайту үшін цифрлық технологияларды, автоматтандыруды енгізу және тиімді шешімдерді пайдалану.
  13. «ПКОП» ЖШС-ның қызметіне байланысты болатын қауіпсіздік және денсаулық саласындағы кез-келген әлеуетті қауіптіліктерді минимумға жеткізу және адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғау.
    • Қауіпсіздік – бірінші кезекте!
    • Қауіпсіздік – барлығына қатысты!
    • Қауіпсіздік – жоспарлы және тұрақты жұмыс!
  14. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру әдістерін дамыту.
  15.  ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001, ISO 55001 стандарттарының талаптарына сәйкес келетін біріктірілген басқару жүйесін тұрақты жетілдіру қағидаттарын басшылыққа алады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz