Экологиялық менеджмент жүйесі
«ПКОП» ЖШС-да Экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) әзірленіп, енгізілген және ол жұмыс жағдайында ұсталады және тұрақты жетілдіріліп отырады. ISO 14001:2015 халықаралық стандартына сәйкестік сертификаты бар. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның сапа, өндірістік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергия үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру және активтерді басқару саласында саясаты әзірленген.
ЭМЖ негізі басқарудың үздіксіздігін қамтамасыз ететін және мыналардың маңыздылығын көрсететін процесстік тәсілді қолдану болып табылады:
талаптарды түсіну және орындау
процестерді қосымша құндылық тұрғысынан қарастыру қажеттілігі
жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу
объективті өлшеуге негізделген процестерді тұрақты жақсарту
«ПКОП» ЖШС-да:
Экологиялық аспекті мен қоршаған ортаға әсердің арасындағы байланыс себеп пен салдардың байланысы екенін, сондай-ақ кез-келген экологиялық аспект Кәсіпорынның қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін қызметінің элементімен байланысты екенін басшылыққа ала отырып, Кәсіпорында DP-03-01-04-06 «Маңызды экологиялық аспектілерді анықтау» процедурасы дайындалып, қолданысқа енгізілген. Бұл процедурада Кәсіпорынның экологиялық аспектілерін сәйкестендіру және олардың маңыздылық дәрежесін анықтау әдісі айқындалған.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-да экологиялық аспектілерді сәйкестендіру процедурасын ұйымдастыру, оның ішінде маңызды экологиялық аспектілерді анықтау, «Маңызды экологиялық аспектілердің тізілімін» жасау, оны бекіту және жоғары басшылыққа дейін жеткізу жауапкершілігі Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментіне жүктелген.
Анықталған экологиялық аспектілердің тізілімі мына жағдайларда жоспардан тыс қайта қаралады:
жаңа процестерді енгізген немесе ескі процестерді жақсартқан жағдайда
жаңа технологияларды немесе жаңа жабдықтарды игерген жағдайда
жаңа өнімдерді, жаңа жобаларды енгізген жағдайда
жаңа шикізат түрлерін игерген және т.б. жағдайларда
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметке қолданылатын заңнамалық және басқа да талаптармен қамтамасыз ету «ПКОП» ЖШС-ның біріктірілген басқару жүйесінің бөлігі болып табылады. Осы мақсатта DP-08-01-06-04 «Заңнамалық актілердің талаптары және басқа да талаптар. Сәйкестікті бағалау» құжатталған процедурасы әзірленіп, енгізілген және жұмыс жағдайында ұсталады. Онда қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да талаптарды сәйкестендіру және оларға қол жеткізу тәртібі, сондай-ақ осы ақпаратты өзектендіру тәртібі белгіленген. Барлық қолданылатын заңнамалық және басқа да талаптар Экологиялық менеджмент жүйесін әзірлеу кезінде ескерілген. «ПКОП» ЖШС қабылдаған Саясаты негізінде олардың қолданылуына кепілдік береді.
«ПКОП» ЖШС-да DP-08-01-06-04 «Заңнамалық актілердің талаптары және басқа да талаптар. Сәйкестікті бағалау» құжатталған процедурасына сәйкес:
- экологиялық аспктілерге байланысты заңнама талаптарын және басқа да талаптарды сақтау міндеттемелері айқындалып, оларға қол жеткізу қамтамасыз етілген
- міндетті талаптардың кәсіпорынға қатысты қалай қолданылатыны айқындалған
- тиісті міндетті талаптар Біріктірілген басқару жүйесін әзірлеу, енгізу, жүйенің жұмыс істеуі және жүйені тұрақты жақсарту кезінде ескерілген
«ПКОП» ЖШС-да DP-03-01-04-02 «Қоршаған ортаға бақылау жүргізуді ұйымдастыру» процедурасының талаптарына сәйкес Экологиялық менеджмент жүйесіне мониторинг және процестерді өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Экологиялық менеджмент жүйесіне мониторинг жүргізу және процестерді өлшеу – процестердің жағдайын бақылау және олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу қабілетін дәлелдеу үшін жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері түзету және алдын алу әрекеттерін әзірлеу және іске асыру үшін бастапқы ақпарат болып табылады.
Барлық өлшеу құралдары: