ресми сайт

ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

«ПКОП» ЖШС-да Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы негізінде өндірістік экологиялық бақылау жүргізіледі, оның нәтижелері тоқсан сайын Шымкент қаласы бойынша Экология департаментіне белгіленген форма бойынша ұсынылады.
Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында өндірістік экологиялық бақылау процесінде бақыланатын міндетті параметрлердің тізбесі, бақылау жүйелілігін анықтау критерийлері, өлшеулердің ұзақтығы мен жиілігі, қолданылатын аспаптық немесе есептеу әдістері белгіленеді

Өндірістік экологиялық бақылаудың мақсаты:

Өндірістік экологиялық бақылау аясында операциялық мониторинг, эмиссиялар мен әсер ету мониторингі, оның ішінде: атмосфералық ауа мониторингі, су ресурстары мониторингі, топырақ, жер ресурстары және өндіріс қалдықтары мониторингі бақыланады. Мониторинг аясында зауытқа жақын маңда орналасқан ауыл тұрғындарының денсаулығына әсерін зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Штаттан тыс жағдайлардағы жұмыстар зауыттың әр бөлімшесі үшін жеке дайындалған апатты жою жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
«ПКОП» ЖШС-да өндірістік экологиялық бақылауды Табиғатты қорғау бөлімі, «Реактивснаб» ЖШС аккредиттелген зертханасы және зауыт зертханасы жүргізеді, сондай-ақ осы мақсат үшін тартылған мамандандырылған гидрогеологиялық зертхана жүргізеді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz