ресми сайт

Мәдени жобалар

«ПҚОП» ЖШС көптеген жылдар бойы Шымкент қаласындағы балаларға арналған балет мектебіне қажетті костюмдердің тігілуіне, оқушылардың сахнада өнер көрсетуі мен олардың шығармашылық дамуына қаражат бөлу арқылы қолдау көрсетіп келеді. Компанияның қолдауымен балет мектебінде балалар үйінің тәрбиеленушілері де білім алуда. Балалар балет мектебінің тәрбиеленушілері республикалық және халықаралық балалар көркемөнер байқауларында гран-при жүлдегері болды.
«ПҚОП» ЖШС арқасында соңғы 15 жылда талантты балалар өздерінің балет мектептерін танытты және әр түрлі сахналарда өздерінің үйренген шеберліктерін көрсетті: Аланья қаласында (Түркия) өткен «Сәттілік тұмары» халықаралық балалар және жасөспірімдер шығармашылық фестиваль-байқауында мектеп 3 дәрежелі лауреат кубогы, «Қалалар өмірі» халықаралық байқауында (Болгария) 2 диплом және Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Балбөбек» республикалық балалар шығармашылық конкурсында гран-при иеленді.
Компанияның Шымкент қаласының мәдениет басқармасымен бірлескен қаржылық көмегінің арқасында Шанин атындағы қазақ драма театры алғаш рет екі тамаша рояль сатып алып, бір рояль Шымкент қаласының музыка колледжіне берілді. «ПҚОП» ЖШС-ның мәдени жобаларына 10 жылда 38 млн. теңге бөлінді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz