ресми сайт

Спорт саласындағы жобалар

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС жыл сайын Шымкент қаласындағы «Теннис федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалына 12, 14, 16 жас аралығындағы республикалық балалар және жасөспірімдер турнирлерін өткізуге қаражат бөлу арқылы қолдау көрсетеді.

Соңғы он жыл ішінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қаласының бокс федерациясына айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Компанияның қаржылық көмегінің арқасында жаттығу жағдайлары жақсарып, қажетті жабдықтар сатып алынып, қаланың бірқатар жас спортшылары халықаралық деңгейдегі түрлі жарыстарға қатыса алды. Сонымен қатар компанияның қолдауы арқасында Шымкентте республикалық жарыстар ұйымдастырылып, қала жастарын осы спорт түріне тарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

«ПҚОП» ЖШС Шымкентте әйгілі қазақстандық спортшы Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған көркем гимнастикадан турнир өткізуді қолдайды. Бұған дейін көркем гимнастикадан дарынды және болашағы бар спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына қаражат бөлінді. Он жыл ішінде спорт саласындағы жобаларға ПҚОП 708 млн. теңгеден астам қаражат бөлді.

10 жылдан астам уақыт бойы «ПетроҚазақстан» қаладағы ең ірі футбол клубы болып табылатын «Ордабасы» клубына қолдау көрсетті. Футбол клубы ҚР премьер лигасының жоғарғы эшелондарында нығая алды.

Бұдан бөлек, кәсіпорынның өзінде басшылық тарапынан қолдауға ие болып отырған бірқатар спорттық бастамалар табысты іске асырылуда, олардың арасында «Салауатты өмір салты» бағдарламасы, компанияның қызметкерлері арасында футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат сияқты спорттың бес түрі бойынша жыл сайынғы спартакиада өткізіледі. 

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz