ресми сайт

Денсаулық сақтау саласындағы жобалар

2020 жылы Шымкент қаласының әкімдігімен меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде ПҚОП коронавирустық пандемия кезеңінде қаланы қолдау үшін 200 млн. теңге бөлді.  «ПҚОП» ЖШС «Шымкент – Қайырымды қала» әлеуметтік қорымен бірлесіп, № 2 қалалық аурухананың провизорлық стационарына 10 000 медициналық маска мен 1000 қорғау костюмін табыстау арқылы гуманитарлық көмек көрсетті. . Сондай-ақ, 2020 жылдың қыркүйегінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС акционерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) бірлесіп Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына гуманитарлық көмек ретінде 50 оттегі концентраторын әрі қарай қаланың медициналық мекемелеріне тарату мақсатында бергенін атап өткен жөн.  Сонымен қатар, «ПҚОП» ЖШС мүгедек балаларға оңалту рәсімдерін жүргізу үшін  «Шектеусіз Үміт» қоғамдық қорына көмек көрсетті.
Өткен жылдары «ПҚОП» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандум аясында Шымкент қаласында Орталық зарарсыздандыру кешенінің құрылысына 400 мың АҚШ долларынан астам қаражат бөлді. Кең бөлмелі кешен заманауи аппаратурамен және жаңа жабдықпен жабдықталған. Компанияның «Ана және бала» АИТВ жұқтырған балаларды оңалту орталығы мен Сәбилер үйіне көрсеткен қолдауының арқасында оларға халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес велосипедтер, бесік арбалар мен ойыншықтар сатып алынды. Аталмыш меморандум аясында компания Сарыағаш ауданының тұрғындарына су тасқынынан зардап шеккен ғимараттарды, мектептерді, үйлер мен көпірлерді қалпына келтіру үшін 100 млн. теңге аудару арқылы дер кезінде қаржылық көмек көрсетті.  Шымкент қаласының балалар түзету мекемелеріне балалардың денсаулығын қолдау үшін медициналық, спорттық жабдық берілді.
Облыстық балалар ауруханасына медициналық жабдықпен жарақтандыруына және жасанды галокамераның – тұзды бөлменің құрылуына 1,5 млн. теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетілді. ОҚО медициналық мекемелерін жабдықпен жарақтандыруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге 10 жыл ішінде компания шамамен 20 млн. теңге қаражат бөлді.
Өз қызметкерлерінің денсаулығын ойлай отырып, компания жыл сайын шипажай-курорттық кешендерде емдік-сауықтыру демалыстарын төлейді. Сондай-ақ, жыл сайын зауыт қызметкерлерінің балаларына балалар лагерлеріне жолдамалар беріледі. Осы мақсатта «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС жыл сайын 40 млн. теңгеден астам қаржы бөледі.
Облыстық ардагерлер одағына қажетті дәрі-дәрмектер мен заттарды сатып алуға қаражат бөлінді. Сондай-ақ компания қаражаты есебінен Түркістан облысының ардагерлері OTAU TV жерсеріктік телеарнасына қосылды.
Соңғы 10 жылда компания Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, интернационалист жауынгерлерге 38 млн. теңгеден астам сомаға қолдау көрсетті.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz