ресми сайт
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ (ҚжЕҚ)
Компанияның ҚжЕҚ саласындағы жетекші қағидалары:
- ҚЕҚОҚ талаптары – кез келген шешім қабылдаудағы басымдық.
- Қауіпсіз жұмыс істеу – жұмысқа жалдаудағы қажетті талап.
- Жұмыскерлер өздерінің еңбек қызметі барысында жұмыс берушінің актілерінде белгіленген ҚЕҚОҚ талаптарын білуге және орындауға міндетті.
- Компания өз қызметін бағалау кезінде, сондай-ақ жұмыскерлерді ынталандыру жөніндегі Компанияның барлық бағдарламаларында жұмыскерлердің ҚЕҚОҚ бойынша көрсеткіштерін ескеруге міндетті.
- Компания өз жұмыскерлеріне ҚЕҚОҚ бойынша оқытуды ұсынуға міндетті, ал жұмыскерлер заңнама талаптарына сәйкес ҚЕҚОҚ бойынша осындай оқыту мен білімді тексеруден өтуге міндетті.
- Барлық деңгейі жұмыскерлері өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде ҚЕҚОҚ-тың талаптарын сақтауға тікелей жауапты.
- Барлық деңгей басшылары ҚЕҚОҚ бойынша аудиттерге және тексерулерге жеке қатысулары қажет.
- Барлық деңгейдегі басшылар, қызметкерлермен бірлесіп, жұмыс орындарындағы қауіпті анықтауға, тәуекелдерді бағалауға және бақылауға қатысуға міндетті.
- Барлық қауіптер іс жүзінде мүмкін болатын көлемде уақтылы жойылуы керек.
- Болған барлық оқиғалар мен әлеуетті қауіпті жағдайларды ескеру, тергеу, талдау және олардың салдары жойылуы керек.
- Мердігерлік ұйымдардың басқаруында ҚЕҚОҚ бойынша бірыңғай стандарттары қолданылу тиіс. БОТОС бойынша қызмет көрсеткіштері тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерді іріктеу кезінде ескерілуі тиіс.
Компанияның жетекші қағидаларын жүзеге асыру мақсатында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де (бұдан әрі «ПҚОП» ЖШС) ҚЕҚОҚ мәселелерін басқарудың біріктірілген құрылымы («АМАН» жобасы) енгізіліп, оның құрамында Жоғары көрсеткіштер жөніндегі комитет пен Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы келесі қосалқы комитеттер құрылды:
нұсқаулықтар, ережелер мен рәсімдер жөніндегі қосалқы комитет
оқыту және дамыту жөніндегі қосалқы комитет
ақпараттандыру және ынталандыру жөніндегі қосалқы комитет
қауіпсіздік саласындағы тиімділікті басқару және талдау жөніндегі қосалқы комитет
қауіпсіз жұмысы жөніндегі қосалқы комитет
жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қосалқы комитет
Қосалқы комитеттердің жұмысы шеңберінде келесі үздік практикалар енгізілді:
ҚжЕҚ бойынша алтын ережелер мен нөлдік төзімділік ережелері дайындалды
«ПҚОП» ЖШС ҚЕҚОҚ ережелерін сақтау бойынша Жетекшілік мен адалдық кодексі әзірленді
ҚжЕҚ саласындағы негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша мониторинг және есептілік жүйесі енгізілді
аумақта ҚЕҚОҚ бойынша ақпараттық стендтер және зауыттың өтпелі жерінде тәуліктік ақпараттық таблосы орнатылды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тапсырмасы бойынша «ҚОРҒАУ» картасын пайдалану жөніндегі регламенті әзірленді.
Кәсіпорында ISO 14001, ISO 9001, ISO 45001 сияқты халықаралық стандарттарына сәйкес Біріктірілген басқару жүйесі (ББЖ) әзірленіп, енгізілген. «ПҚОП» ЖШС-да Біріктірілген басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылатын, келесідей ішкі нормативтік құжаттар әзірленген:
- ҚП-09-06-03 Біріктірілген басқару жүйесінің ішкі аудиттерін ұйымдастыру және жүргізу;
- ҚП-03-01-04-02 Қоршаған ортаға бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
- ҚП-20-01-20 Метрологиялық қамтамасыз ету;
- ҚП-08-01-06-02 Тәуекелдерді және мүмкіндіктерді басқару. SWOT-талдау;
- ҚП-08-01-06-03 Сыртқы және ішкі байланыстарды ұйымдастыру;
- ҚП-09-06-02 Сәйкессіздіктерді басқару;
- ҚП-08-01-06-01 Құжатталған ақпаратты басқару;
- ҚП-03-03-12-05 Авариялық жағдайларға дайын болу және авариялық жағдайларда әрекет ету;
- ҚП-03-01-04-01 Экологиялық қауіпсіздікті басқару;
- ҚП-03-01-04-05 Қалдықтарды басқару;
- ҚП-03-01-04-06 Маңызды экологиялық аспектілерді анықтау;
- ҚП-08-01-06-04 Заңнамалық актілердің талаптары және басқа да талаптар. Сәйкестікті бағалау;
- ҚП-02-05-03-04 Мұнай шикізатының және мұнай өнімдерінің сапасын бақылау;
- ҚП-01-04-02-03 Персоналды оқыту және даярлау;
- ҚП-03-03-12-02 «ПҚОП» ЖШС жұмыскерлерін арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
- ҚП-09-06-04 «ПҚОП» ЖШС-да қауіпті факторларды анықтау және тәуекелдерді бағалау;
- ҚП-02-03-01-25-02 Энергия тиімділігі жүйесін бақылау;
- ҚП-02-03-01-25-03 Энергетикалық жоспарлау;
- ҚП-02-04-02-1 Активтерге техникалық қызмет көрсету стратегиясын оңтайландыру;
- ҚП-02-04-02-2 Істен шығу (бұзылу) жағдайларының негізгі себептерін талдау;
- Р-02-03-01-26-01 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқару регламенті;
- Р-08-20-01 Экономикалық қауіпсіздік регламенті;
- Р-03-03-12-02 «ПҚОП» ЖШС-да қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізу кезінде өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәуекелдерді басқару регламенті;
- ПО-03-03-12-02 «ПҚОП» ЖШС жұмыскерлерінің еңбекті қорғау жөніндегі өмірлік маңызды ережелерді сақтаулары туралы ереже;
- ҚП-03-03-12-03 «ПҚОП» ЖШС-да биіктіктегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу туралы құжатталған процедура;
- ҚП-03-03-12-04 «ПҚОП» ЖШС-да шектелген тұйық кеңістікте жұмыстарды жүргізу туралы құжатталған процедура;
- ҚП-03-01-04-04 Экологиялық бағалауды жүргізу туралы құжатталған процедура.
Компанияда «Әлеуетті қауіпті жағдайлар, қауіпсіз емес жағдайлар мен әрекеттер жөнінде хабарлаған жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасы» белсенді жүзеге асырылуда, осының шеңберінде әр тоқсан сайын жұмыскерлер бағалы ақшалай сыйлықтармен марапатталуда.
Компания ҚЕҚОҚ номинациялары бойынша республикалық конкурс-байқауларға қатысуда. Мысалы, 2019 жылдың маусым айында «ҚМГ» ҰК АҚ бас директорларының V жыл сайынғы форумында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС «ЖОҒАРЫ ҚАУІПСІЗДІК ДЕҢГЕЙІ ҮШІН» МАРАПАТЫНА ие болды.