ресми сайт
ТЖ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ
Зауыт аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары уақытылы шаралар қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Негізгі міндет – персоналды өрт қауіпсіздігі мен тіршілік қауіпсіздігіне оқытуды ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы компанияның персоналын оқыту жүйесін дамыту. Сондай-ақ, зауыт персоналын даярлаудағы ақпараттық және хабарлау жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру басымдыққа ие, оның негізі бүкіл зауыттық ақпараттық жүйеге қосылған зауыт ішіндегі радио болып табылады.
Әзірленген жұмыс жоспарына сәйкес өрт қауіпсіздігінің мәселелері бойынша, азаматтық қорғаныс, персоналды және аумақты төтенше жағдайлардан қорғау, сондай-ақ қауіпсіздік мен еңбекті қорғау бойынша радиохабарлар таратылады.
Зауыт аумағында үш қорғаныс құрылғысы (пана) бар:
№42 пана №2 басқарма ғимаратында салынған, 3 класқа жатады, сыйымдылығы 450 адамға дейін, жағдайы «жартылай дайын»
№61 пана «НРМ» ЖШС әкімшілік кешенінде орналасқан, 3 класқа жатады, сыйымдылығы 450 адамға дейін, жағдайы «жартылай дайын»
№100 пана «ЮгАТС» ЖШС әкімшілік кешенінде салынған, 3 класқа жатады, сыйымдылығы 400 адамға дейін, жағдайы «пайдалануға дайын»
Зауыт аумағында жұмыс істейтін барлық жұмыскерлерде қызметтеріне сәйкес жеке қорғану құралдары бар:
АРНАЙЫ ҚОРҒАНУ КИІМІ (ТОН, ЖАМЫЛҒЫ, ХАЛАТТАР ЖӘНЕ Т.Б.)
ҚОЛДЫ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (ҚОЛҒАПТАР, БЕС САУСАҚТЫ ҚОЛҒАПТАР, ЖЕҢҚАПТАР ЖӘНЕ Т.Б.)
АЯҚТЫ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (ЕТІК, БӘТЕҢКЕ ЖӘНЕ Т.Б.)
КӨЗ БЕН БЕТТІ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (ҚОРҒАНУ КӨЗІЛДІРІКТЕРІ, БЕТ ҚАЛҚАНДАРЫ ЖӘНЕ Т.Б.)
БАСТЫ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (КАСКАЛАР, ШЛЕМДЕР ЖӘНЕ Т.Б.)
ТЫНЫСАЛУ ОРГАНДАРЫН ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (ГАЗТҰТҚЫШТАР (ПРОТИВОГАЗДАР), ЖАРТЫЛАЙ БЕТПЕРДЕ РЕСПИРАТОРЛАРЫ, ӨЗІН-ӨЗІ ҚҰТҚАРҒЫШ ЖӘНЕ Т.Б.)
ЕСТУ ОРГАНДАРЫН ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (ҚОРҒАНУ ҚҰЛАҚҚАБЫ, ҚҰЛАҚ ТЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ Т.Б.)
ТЕРІНІ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (ЖАҚПАМАЙ ЖӘНЕ Т.Б.)
Зауыт аумағында жұмыс істейтін барлық жұмыскерлерде қызметтеріне сәйкес жеке қорғану құралдары бар:
АРНАЙЫ ҚОРҒАНУ КИІМІ (ТОН, ЖАМЫЛҒЫ, ХАЛАТТАР ЖӘНЕ Т.Б.)
ҚОЛДЫ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (ҚОЛҒАПТАР, БЕС САУСАҚТЫ ҚОЛҒАПТАР, ЖЕҢҚАПТАР ЖӘНЕ Т.Б.)
АЯҚТЫ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (ЕТІК, БӘТЕҢКЕ ЖӘНЕ Т.Б.)
КӨЗ БЕН БЕТТІ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (ҚОРҒАНУ КӨЗІЛДІРІКТЕРІ, БЕТ ҚАЛҚАНДАРЫ ЖӘНЕ Т.Б.)
БАСТЫ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (КАСКАЛАР, ШЛЕМДЕР ЖӘНЕ Т.Б.)
ТЫНЫСАЛУ ОРГАНДАРЫН ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (ГАЗТҰТҚЫШТАР (ПРОТИВОГАЗДАР), ЖАРТЫЛАЙ БЕТПЕРДЕ РЕСПИРАТОРЛАРЫ, ӨЗІН-ӨЗІ ҚҰТҚАРҒЫШ ЖӘНЕ Т.Б.)
ЕСТУ ОРГАНДАРЫН ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (ҚОРҒАНУ ҚҰЛАҚҚАБЫ, ҚҰЛАҚ ТЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ Т.Б.)
ТЕРІНІ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ (ЖАҚПАМАЙ ЖӘНЕ Т.Б.)
Қорғану құралдары белгіленген нормаларға және пайдалану мерзімдеріне сәйкес жаңартылып отырады.
Өрттердің алдын алу және жою үшін барлық қондырғылар мен секциялар автоматты өрт сөндірумен, ӘТК ғимараттары мен операторлар жайлары автоматты және қолмен өрт хабарлағыштарымен, өрт тақталарымен, өрт сөндіргіштермен жабдықталған. Кәсіпорында жалпы ұзындығы 18500м болатын өртке қарсы құбыр қарастырылған. Зауыттағы апаттың салдарын жою кезінде жедел әрекет ету үшін кәсіпорында апаттардың салдарын жоюға қатысатын лауазымдық тұлғаларды анықтайтын нұсқаулар әзірленген.
Жыл сайын келесі Алдын-Алу Іс-Шаралары өткізіледі:
- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда зауыт бюджетінде апатты қалпына келтіру жұмыстарын және қажетті материалдарды сатып алуды қаржыландыру қарастырылған
- Зауыт аумағында жыл сайын қысқы және жазғы маусымдарға дайындық бойынша шұғыл жұмыстарды жүргізу және орындау жұмыстары жоспарланады, жабдықтарға жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары жасалады, нысан аумағындағы өртті азайтуға бағытталған алғашқы өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданады
- Сондай-ақ, «Өрт Сөндіруші» АҚФ өкілдерімен бірге сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздері үнемі тексеріліп отырады
- Өрт қауіпті кезеңі басталғанға дейін, тауар-көлік басқармасының теміржол эстакадаларында құю және құйып алу жұмыстары кезінде технологиялық режимді жүргізу туралы бұйрық шығарылады
- Зауыт аумағында өсетін шөптерді жою мақсатында зауыт аумағында шөп шабу және химиялық ерітіндімен өңдеу жұмыстары жүргізіледі
- Су таситын кезең басталғанға дейін су тасқынының алдын алу және салдарын жою бойынша іс-шаралар жүргізіледі
- Кәсіпорын жұмыскерлеріне өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау, отты және газ қауіпті жұмыстарды жүргізу тәртібі, сондай-ақ қауіпсіздік қағидалары мен шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпараттандыру ұйымдастырылған және ол тұрақты жүргізіледі