ресми сайт
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Демеушілік пен қайырымдылық тұрақты әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуына жәрдемдеседі, мәдени және білім берудің дамуына себептеседі, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекеттік күш-жігерді толықтырады.
Компания өз қызметі барысында әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанады және демеушілік және қайырымдылық бастамаларға белсенді түрде қатысып тұрады.
Қайырымдылыққа бағытталған көптеген жобалардың ішінде компания әр жылдарда Алматы қаласындағы жетім және қамқорлықтан айырылған балаларға арналған «№2 балалар үйіне», «АРДИ» мүгедек балалардың ата-аналарының бірлестігіне, «Кеңес» қоғамына және тағы да басқа ұйымдарға қолдау көрсетіп тұрған. Осындай жобаларды жүзеге асырумен қатар компания қоғамдағы қайырымдылықтың кейінгі дамуы мен насихатталуына өзінің елеулі үлесін қосуда. Мысалы, көптеген жылдар бойы ПетроҚазақстан қайырымдылық қызметі үлгі болып, қоғамның дамуына тура ықпал тигізетін адамдар мен ұйымдарды анықтауға және марапаттауға көзделген Қазақстанның қайырымдылық аясындағы жалғыз сыйлығы болып келетін «Алтын жүрек» сыйлығының серіктесі болып келген. Біз компанияның, мемлекеттің және азаматтардың бірлескен күш-жігері күрделі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне әкелетініне сенеміз. Біз сондай-ақ қоғамның дамуы мен өркендеуіне жәрдемдесу деңгейін көтере, біздің бастамаларымыздың басқа ұйымдарға үлгі болуына тырысамыз. Біз әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау мен оларға жәрдемдесудегі өз рөлімізді мақтан тұтамыз және осы маңызды мақсатқа қол жеткізу үшін күш-жігерімізді салуды жалғастырамыз.
Алматы қаласындағы компания қатысатын жобалардың мақсаты – өнер, мәдениет пен спорт салаларындағы әлеуметтік тұрғыдан маңызы зор іс-шараларды ұйымдастыруда көмек көрсету, сондай-ақ ғылыми-білім беру мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру болып келеді. Олардың қатарына келесідей жобалар жатады:
«Добровольное Общество «Милосердие» Қоғамдық Қоры. Қор қаражат жинап, Қазақстанда жазылмайтын дертке шалдыққан балаларды емдеуге арналған емханаларды іздейді, аутизм спектрі бұзылған балаларға мамандандырылған көмек көрсетеді, сондай-ақ «Жетімдерсіз Қазақстан» жобасын жүзеге асырады.
ПетроҚазақстан Қазақстандағы жалғыз кәсіпқой вокал байқауы Бибігүл Төлегенова атындағы халықаралық вокалшылар конкурсының демеушісі болып табылады, соның арқасында опера өнерінде жаңа есімдер пайда болуда. Жобаның мақсаты – жас ұрпаққа адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру. Мұндай жобалар қазақстандық композиторлардың шығармаларын танымал етуге себептеседі: байқаудың міндетті шарттарының бірі – қазақ музыкасының үздік үлгілерін орындау.
Көптеген жылдар бойы компания қазақстандық балеттің тамаша мектебін сақтап, дамытып келе жатқан, еліміздің кәсіби балет мектебі саналатын А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық мектебінің шығармашылық ұжымына қолдау көрсетіп келуде. Қазақстанның әуесқой спорттық федерациялары мен дарынды спортшыларына жиі қолдау көрсету, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жобаларға белсенді қатысу арқылы ПетроҚазақстан Қазақстандағы спорттың дәріптеуіне айтарлықтай үлесін қосады.