ресми сайт

ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ (ҚжЕҚ)

Компанияның ҚжЕҚ саласындағы жетекші қағидалары:

  1. ҚЕҚОҚ талаптары – кез келген шешім қабылдаудағы басымдық.
  2. Қауіпсіз жұмыс істеу – жұмысқа жалдаудағы қажетті талап.
  3. Жұмыскерлер өздерінің еңбек қызметі барысында жұмыс берушінің актілерінде белгіленген ҚЕҚОҚ талаптарын білуге және орындауға міндетті.
  4. Компания өз қызметін бағалау кезінде, сондай-ақ жұмыскерлерді ынталандыру жөніндегі Компанияның барлық бағдарламаларында жұмыскерлердің ҚЕҚОҚ бойынша көрсеткіштерін ескеруге міндетті.
  5. Компания өз жұмыскерлеріне ҚЕҚОҚ бойынша оқытуды ұсынуға міндетті, ал жұмыскерлер заңнама талаптарына сәйкес ҚЕҚОҚ бойынша осындай оқыту мен білімді тексеруден өтуге міндетті.
  6. Барлық деңгейі жұмыскерлері өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде ҚЕҚОҚ-тың талаптарын сақтауға тікелей жауапты.
  7. Барлық деңгей басшылары ҚЕҚОҚ бойынша аудиттерге және тексерулерге жеке қатысулары қажет.
  8. Барлық деңгейдегі басшылар, қызметкерлермен бірлесіп, жұмыс орындарындағы қауіпті анықтауға, тәуекелдерді бағалауға және бақылауға қатысуға міндетті.
  9. Барлық қауіптер іс жүзінде мүмкін болатын көлемде уақтылы жойылуы керек.
  10. Болған барлық оқиғалар мен әлеуетті қауіпті жағдайларды ескеру, тергеу, талдау және олардың салдары жойылуы керек.
  11. Мердігерлік ұйымдардың басқаруында ҚЕҚОҚ бойынша бірыңғай стандарттары қолданылу тиіс. ҚЕҚОҚ бойынша қызмет көрсеткіштері тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерді іріктеу кезінде ескерілуі тиіс.
ПҚОСИ-да «ҚЕҚОҚ басқару жүйесі (бұдан әрі –ҚЕҚОҚ БЖ) туралы ереже» әзірленіп, енгізілді. ҚЕҚОҚ БЖ туралы ереженің құрылымы  ISO 45001:2018 халықаралық стандарттың құрылымына бейімделген.

Өндірістік кеңес құрамына тепе-теңдік негізінде жұмыс берушінің өкілдері және жұмыскерлердің өкілдері атынан еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары кіреді. Кеңес отырыстарында еңбекті қорғау саласында анықталған бұзушылықтарды жою, Компанияда еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау; еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби аурулардың алдын алу талаптарына жауап беретін бағдарламалар, ұсыныстар, шешімдер мен басқа да іс-шаралар бойынша жұмыс беруші мен жұмыскерлердің ұсыныстары қарастырылады.

Компанияда «Әлеуетті қауіпті жағдайлар, қауіпсіз емес жағдайлар мен әрекеттер жөнінде хабарлаған жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасы» белсенді жүзеге асырылуда, осының шеңберінде жұмыскерлерге әр тоқсан сайын сыйақылар беріліп, олар мақтау қағаздарымен және естелік белгілермен марапатталуда.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz