ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ (ҚжЕҚ)
Компанияның ҚжЕҚ саласындағы жетекші қағидалары:
- ҚЕҚОҚ талаптары – кез келген шешім қабылдаудағы басымдық.
- Қауіпсіз жұмыс істеу – жұмысқа жалдаудағы қажетті талап.
- Жұмыскерлер өздерінің еңбек қызметі барысында жұмыс берушінің актілерінде белгіленген ҚЕҚОҚ талаптарын білуге және орындауға міндетті.
- Компания өз қызметін бағалау кезінде, сондай-ақ жұмыскерлерді ынталандыру жөніндегі Компанияның барлық бағдарламаларында жұмыскерлердің ҚЕҚОҚ бойынша көрсеткіштерін ескеруге міндетті.
- Компания өз жұмыскерлеріне ҚЕҚОҚ бойынша оқытуды ұсынуға міндетті, ал жұмыскерлер заңнама талаптарына сәйкес ҚЕҚОҚ бойынша осындай оқыту мен білімді тексеруден өтуге міндетті.
- Барлық деңгейі жұмыскерлері өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде ҚЕҚОҚ-тың талаптарын сақтауға тікелей жауапты.
- Барлық деңгей басшылары ҚЕҚОҚ бойынша аудиттерге және тексерулерге жеке қатысулары қажет.
- Барлық деңгейдегі басшылар, қызметкерлермен бірлесіп, жұмыс орындарындағы қауіпті анықтауға, тәуекелдерді бағалауға және бақылауға қатысуға міндетті.
- Барлық қауіптер іс жүзінде мүмкін болатын көлемде уақтылы жойылуы керек.
- Болған барлық оқиғалар мен әлеуетті қауіпті жағдайларды ескеру, тергеу, талдау және олардың салдары жойылуы керек.
- Мердігерлік ұйымдардың басқаруында ҚЕҚОҚбойынша бірыңғай стандарттары қолданылу тиіс. БОТОС бойынша қызмет көрсеткіштері тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерді іріктеу кезінде ескерілуі тиіс.
Компанияның жетекші қағидаларын жүзеге асыру мақсатында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-да (бұдан әрі – ПҚҚР АҚ) “VIZION ZERO” – «Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасына негізделген ҚЕҚОҚ мәселелерін басқарудың біріктірілген құрылымы енгізіліп, оның құрамында Қауіпсіздік жөніндегі орталық комитет пен келесі қосалқы комитеттер жұмыс істейді:
Кен орнындағы қауіпсіздік комитеті
Қауіпсіздік мінез-құлық аудиті (бұдан әрі – ҚМА) және ҚЕҚОҚ бойынша мәдениетті насихаттау жөніндегі қосалқы комитет
Тәуекелдерді басқару және еңбек гигиенасы жөніндегі қосалқы комитет
Қосалқы комитеттердің жұмысы шеңберінде келесі үздік практикалар енгізілді:
ҚМА жүзеге асыру және талдау
Компанияның нысандарында ҚЕҚОҚ жөніндегі тәуекелдерді бағалау және басқару бағдарламасын іске асыру
апаттарды, әлеуетті қауіпті жағдайларды (бұдан әрі – ӘҚЖ) тіркеуді және тергеуді, «ҚЕҚОҚ саласындағы апаттарды басқару жөніндегі SAP модулінде» ҚСТБ есепке алуды және талдауды автоматтандыру
ҚЕҚОҚ мәселелері бойынша уақытылы шешім қабылдау үшін Компанияның қатардағы жұмыскерлерінен жоғары басшылыққа жеткізу үшін ҚЕҚОҚ мәселелері бойынша кері байланыс жүйесі құрылды
«SAP модулінде жеке қорғану құралдарын есепке алуды және беруді автоматтандыру» бойынша жобаны іске асыру
«ПҚҚР» АҚ-да «ҚЕҚОҚ басқару жүйесі бұдан әрі –ҚЕҚОҚ БЖ) туралы ереже» әзірленіп, енгізілді. ҚЕҚОҚ БЖ туралы ереженің құрылымы ISO 450001:2018 халықаралық стандарттың құрылымына бейімделген. ҚЕҚ Бөлімінің қайта ұйымдастырылуы жүргізілді, үш шағын топ құрылды:
жоспарлау, талдау және есептілік
жол қозғалысы қауіпсіздігін (бұдан әрі – ЖҚҚ) бақылау
Компанияда «Әлеуетті қауіпті жағдайлар, қауіпсіз емес жағдайлар мен әрекеттер жөнінде хабарлаған жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасы» белсенді жүзеге асырылуда, осының шеңберінде жұмыскерлерге әр тоқсан сайын сыйақылар беріліп, олар мақтау қағаздарымен және естелік белгілермен марапатталуда.
Әр жылдың маусым айында Компания ҚЕҚОҚ айын ұйымдастырады. Ай шеңберінде өткізілетін іс-шаралар жұмыскерлердің ҚЕҚОҚ мәселелері бойынша мәліметтер алуын жақсартуға, басшылықтың барлық деңгейлерінде қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға және келешекте ҚЕҚОҚ басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.
ЖҚҚ деңгейін арттыру және «ПҚҚР» АҚ жолдарындағы жол-көлік апаттарының санын кеміту, сондай-ақ жол қозғалысына қатысатын адамдардың өмірі мен денсаулығының шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелерінен басым екендігін тану мақсаттарында «ПҚҚР» АҚ және Қызылорда облысындағы «ПҚҚР» АҚ-ның автожолдарын қолданатын жер қойнауын пайдаланушылар арасында Көлік қауіпсіздігі жөніндегі меморандумға қол қойылды. Жолаушылар мен қауіпті жүктерді тасымалдайтын барлық көлік құралдары борттық бақылау жүйелерімен (GPS) жабдықталады.
Компания ҚЕҚОҚ номинациялары бойынша республикалық конкурс-байқауларға жүйелі түрде қатысуда. 2018 жылы Компания «СЕНIM-2018» республикалық конкурсына қатысып, «Еңбекті қорғау бойынша үздік қызмет» номинациясында 1-орын алды. 2022 жылы Компания «СЕНIM-2022» конкурсында «Қауіпсіздік техникасы жөніндегі үздік инженер» номинациясында II-ші орынға ие болды.