ресми сайт

Объектілік өрт сөндіру және газдан құтқару қызметі

25 жыл ішінде «ПҚҚР» АҚ-ның өртке қарсы қызметі Қызылорда облысындағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің арасында үздіктердің бірі болып саналады.

Бұл ұңғымаларды бұрғылау үдерісінен бастап тұтынушыға жөнелтуге дейінгі мұнай өндірудің бүкіл циклі бойынша өртке қарсы қорғанысты сенімді қамтамасыз етумен расталады. Өндірістің бос тұру жағдайларының болмауы, қауіпті өндірістік объектілердегі өрттер мен тұтанулар нәтижесінде адам өлімі мен қызметкерлердің жарақаттануын болдырмау қызметтің қызметкерлер құрамы жүргізген сауатты ұйымдастырушылық, техникалық және жедел-тактикалық шаралардың заңды нәтижесі болып табылады.

2022-2023 жыл ішінде шығындарды оңтайландыру мақсатында Өрт қауіпсіздігі бөлімі газдан авариялық-құтқару және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қосымша функцияларды өз мойнына алған Объектілік өрт сөндіру және газдан құтқару қызметі (бұдан әрі – ӨСГҚҚ) болып қайта ұйымдастырылды.

2024 жылғы 08 қаңтар күні қызмет Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына №KZ19VSD00000077 куәлігін» (газдан құтқару жұмыстары) алды.

ОӨГҚҚ базасында Ұлытау облысының Ұлытау ауданында тіркелген оқу-жаттығу кешені құрылды. ОӨГҚҚ жұмыскерлері газдан құтқару жұмыстарын орындау үшін барлық қажетті оқудан және даярлықтан өтті.

ОӨГҚҚ-нің негізгі міндеттері:

Авариялық-құтқару және газдан құтқару жұмыстарын жүргізу, компания объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ шарттық негізде жұмыстарды орындау және бөгде ұйымдарға қызметтер көрсету;

Газ және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормалар, қағидалар мен стандарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ аварияларды оқшаулау және жою, өрттерді сөндіру және бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын орындау шараларын атқару;

Қоршаған ортада уытты, өрт және жарылыс қаупі бар заттардың болуы жағдайында жеке қорғанудың оқшаулағыш құралдарын қолдана отырып, газдан құтқару жұмыстарын жүргізу;

Жандандыру аппаратурасын (жасанды тыныс алу процестерін ішінара автоматтандыратын аспаптарды, механикалық жандандыру аппараттарын) қолдана отырып, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету;

Зардап шеккендер мен материалдық құндылықтарды авариялық жағдай аймағынан эвакуациялау;

Компания аумағында мұнай, мұнай өнімдерінің, химиялық және өзге де экологиялық қауіпті заттардың төгілуін жою (оқшаулау);

Өрттерді сөндіруге байланысты, оның ішінде атмосфераға химиялық қауіпті заттарды шығару ықтималдығы асқынған авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

2025 жылы «ПҚҚР» АҚ-ның «Объектілік өрт сөндіру-газдан құтқару қызметі» өңірдегі үздік мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет ретінде Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz