ресми сайт

ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ

Заңнама талаптарын сақтау мақсатында «ПКОП» ЖШС-да «Қалдықтарды басқару бағдарламасы» әзірленіп, іске асырылуда. Бұл бағдарлама қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органдармен келісілген. Қалдықтардың түзілуіне байланысты туындайтын мәселелерді шешу үшін жыл сайын айтарлықтай қаржы бөлінеді және инвестиция көлемі анықталады.
ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес біздің нысандарда залалсыздандырылуы, өңделуі және кәдеге жаратылуы (жойылуы) мүмкін емес қауіпті қалдықтар арнайы полигондарға шығарылады. Мердігер ұйымдардың қалдықтарды қауіпсіз тасымалдау, орналастыру және кәдеге жарату (жою) талаптарын орындауларына бақылау жүргізіледі.
«ПКОП» ЖШС-ның мақсаты – ластануларды тиімді және экологиялық қауіпсіз әдіспен жою болып табылады. Бұл жерде міндетті шарт – тарихи ластануларды өңдеу процесінен екінші (қайтара) ластану болмауы керек. Ол үшін «ПКОП» ЖШС мұнай қалдықтарын өңдеу бойынша озық заманауи қауіпсіз технологияларды енгізуге және пайдалануға қабілетті, жауапты, жақсы жарақтандырылған, мамандандырылған компанияларды тартуды жоспарлауда. 2018 жылы мердігер қалдықтарды жою үшін термиялық әдісті (қалдықтарды арнайы пештерде жағу әдісін) пайдаланған.
Қазіргі уақытта «ПКОП» ЖШС-да мұнай шламдары декантерлік қондырғыда (тұнбаны сусыздандыру әдісімен) өңделеді. Ол жерде мұнай өнімдері, су, механикалық қоспалар бөлек бөлініп алынады және бөлініп алынған өнім өндіріс цикліне қайта беріледі.
Қауіпті қалдықтарды кәсіпорынның өзінде өңдеу және жою әдістері мен технологияларын пайдалану оларды полигонға немесе мердігерлердің жоятын жерлеріне дейін тасымалдау кезіндегі болуы мүмкін қауіптіліктерді азайтуға мүмкіндік береді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz