ресми сайт
«ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» АФ
«ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» (бұдан әрі – Компания) «ПетроҚазақстан Инк.», оның қызметі Қазақстан Республикасының аумағында (бұдан әрі – ҚР) жүзеге асырылады және мұнай мен газды сатып алуды, барлауды, әзірлеуді және өндіруді, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін өткізуді қамтиды. Компания өз қызметі шеңберінде «ПетроҚазақстан Инк.» компаниялар тобы үшін басқарушылық және қаржылық қызметтер көрсетеді.
Компанияның қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі - ҚЕҚОҚ) саласындағы стратегиялық басымдықтары:
қызметкерлер үшін қауіпсіз және денсаулыққа қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ ҚЕҚОҚ басқару жүйесінің сапасы мен көрсеткіштерін тұрақты түрде жақсарту үшін жеткілікті ресурстар бөлу
жарақаттану, апаттылық және қоршаған ортаның ластануы бойынша нөлдік көрсеткіштерге ұмтылу
Компанияның бизнес-процестеріне ҚЕҚОҚ стандарттарын және үздік тәжірибелерін енгізу
Қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды сақтау, неғұрлым экологиялық таза өндірісті ілгерілету және тұрақты даму қағидаттарын ұстану
Қазақстанның экономикалық дамуына және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу
Компанияның жоғары басшылығы төмендегілерді міндетіне алады:
ҚЕҚОҚ саласындағы қолданылатын заңнамалық және компания өзіне қабылдаған өзге де талаптар мен міндеттемелерді орындау
жұмыскерлердің, мердігерлердің, тұрғындардың денсаулығы және қоршаған ортаның мен қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және азайту басқару
жұмыскерлер арасында өндрістік жарақаттануды, және қоршаған ортаның ластануын алдын алу
Компаниядағы ҚЕҚОҚ мәдениетінің тиісті деңгейін ұстап тұруға арналған ресурстар
Компанияның ҚЕҚОҚ көрсеткіштері бойынша ақпарат алмасу жұртшылықпен
ҚЕҚОҚ басқару жүйесінің толық қызмет етуіне және оның көрсеткіштерін үздіксіз жақсартуға қажетті қорларды қамтамасыз ету
ҚЕҚОҚ бойынша қызметкерлерге және олардың өкілдеріне кеңес беру және қатысу
Алға қойылған тапсырмаларға қол жеткізу мақсатында Компанияда ISO 14001:2015 (экологиялық менеджмент жүйесі), ISO 45001:2018 (денсаулық пен еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі) сияқты халықаралық стандарттардың талаптары негізі болған ҚЕҚОҚ біріктірілген басқару жүйесі сәтті енгізілді.