ресми сайт

ПАРНИКТІК ГАЗДАР

Климаттың өзгеруі соңғы жылдары адамзат алдында тұрған ең маңызды проблемалардың бірі болып тұр. Климаттың өзгеруі адамдарға және табиғи жүйеге де әсер етуі мүмкін және ресурстарды пайдалануда, өндірісте, экономикалық қызметте елеулі өзгерістерге алып келуі мүмкін.
«ПКОП» ЖШС-да стационарлық көздерден атмосфераға шығарылатын шығарындыларды бақылау ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес реттеледі. «ПКОП» ЖШС климаттың өзгеруінің жаһандық алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты, парниктік газдар шығарындыларын азайту мәселелері бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ кәсіпорындардың «жасыл» экономикаға және ең жақсы қол жетімді технологиялар принциптеріне жылдамырақ ауысуына ықпал ететін, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қоршаған ортаға әсерін азайту стратегиясын қолдайды.
«ПКОП» ЖШС-да жыл сайын парниктік газдарға (ПГ) инвентаризация жүргізіледі. Парниктік газдарды инвентаризациялау есебін, қондырғының төлқұжатын, парниктік газдардың шығарындыларына жүргізілген мониторинг жоспарын аккредиттен өткен тәуелсіз орган тексеріп, растайды.
Парниктік газдары түгендеу туралы анықталған есеп электрондық түрде Мемлекеттік көміртегі кадастрына ұсынылады.
Парниктік газдардың шығарындылары:
Парниктік газдар 2020 2021 2022
СО2, мың тоннан 910,440 956,154 1418,328
СН4, СО2 мың т. экв. 0,438 0,420 0,240
N2O, СО2 мың т. экв. 4,440 4,94 1,725

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz