«ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АҚ
Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі – ҚЕҚОҚ) және сапасы саласындағы Қоғамның стратегиялық басымдықтары:
жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету
жарақаттану, апаттылық және қоршаған ортаның ластануы бойынша нөлдік көрсеткіштерге ұмтылу
Компанияның бизнес-процестеріне ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ стандарттарын және озық тәжірибелерді енгізу
табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және тұрақты даму қағидаттарын ұстану
техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін, тұтынушылардың қажеттіліктері мен күтулеріне сәйкес қанағаттануын қамтамасыз ететін жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және жөнелту
Компанияның жоғары басшылығы төмендегілерді міндетіне алады:
Қазақстан Республикасының ҚЕҚОҚ және сапа туралы заңнамасының, тұтынушылардың және басқа да мүдделі тараптардың қолданыстағы талаптарын сақтау
жарақаттанудың және денсаулықтың нашарлауының алдын алу шараларын қабылдау арқылы қауіпсіз еңбек жағдайларын және жұмыскерлердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету
қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу/азайту бойынша алдын алу шараларын жүргізу
жұмыскерлердің, мердігерлердің, халықтың және қоршаған ортаның денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді сәйкестендіруді, бағалауды және азайтуды қамтамасыз ету
тұрақты оқытуды ұйымдастыру арқылы ҚЕҚОҚ саласындағы жұмыскерлерді жоғары деңгейде қолдау және дайындығын үнемі жақсартып отыру
ҚЕҚОҚ саласындағы тәуекелдерді азайту шараларына компанияның жұмыскероерін қатыстыру
компаниядағы ҚЕҚОҚ мәдениетінің тиісті деңгейін қалыпта ұстау үшін ресурстармен қамтамасыз ету
мұнай-газ өнеркәсібінде ең үздік халықаралық сапа менеджменті тәжірибелерін қолдану
жұмыскерлерді заманауи ұжымдық және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету
жұмыс орындарында ҚЕҚОҚ саласындағы заңнамалық және басқа да талаптардың сақталуын және орындалуын өндірістік бақылаудың барлық деңгейлерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
кешенді ҚЕҚОҚ және сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіру
кешенді ҚЕҚОҚ және сапа менеджменті жүйесін толық жұмыс істеуі және үздіксіз жетілдіруі үшін қажетті адами, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін ПҚҚР тобы ISO 14001:2015 (қоршаған ортаны басқару жүйесі), ISO 45001:2018 (еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын басқару жүйесі), ISO 9001:2015 (сапа менеджменті жүйесі) және СТ РҚ ISO 50001:2011 (энергия менеджменті жүйесі) сияқты халықаралық стандарттардың талаптарына негізделген біріктірілген басқару жүйесін сәтті енгізді.
2023 жылы қыркүйекте ҚЕҚОҚ департаментінің құрылымында ҚЕҚОҚ пен сапаны басқарудың біріктірілген жүйесін тұрақты жақсарту және жұмыс істеу үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында ББЖ бөлімі құрылды.
2024 жылы компанияның әртүрлі бөлімінің алты жұмыскері «ISO 9001-2015, ISO 45001-2018, ISO 14001-2015 стандарттарына негізделген ББЖ ішкі аудиторы» бағдарламасы бойынша оқып келді.
2025 жылы 11 ақпанда «ПҚҚР» АҚ ҚЕҚОҚ пен сапаны ББЖ ISO 9001:2015 «Сапаны басқару жүйесі», ISO 14001:2015 «Экологиялық басқару жүйесі», ISO 45001:2018 «Еңбек қауіпсіздігін және денсаулық қорғауды басқару жүйесі» халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестікке сертификаттаудан сәтті өтті.