ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ (ҚжЕҚ)
Компанияның ҚжЕҚ саласындағы жетекші қағидалары:
- ҚЕҚОҚ талаптары – кез келген шешім қабылдаудағы басымдық.
- Қауіпсіз жұмыс істеу – жұмысқа жалдаудағы қажетті талап.
- Жұмыскерлер өздерінің еңбек қызметі барысында жұмыс берушінің актілерінде белгіленген ҚЕҚОҚ талаптарын білуге және орындауға міндетті.
- Компания өз қызметін бағалау кезінде, сондай-ақ жұмыскерлерді ынталандыру жөніндегі Компанияның барлық бағдарламаларында жұмыскерлердің ҚЕҚОҚ бойынша көрсеткіштерін ескеруге міндетті.
- Компания өз жұмыскерлеріне ҚЕҚОҚ бойынша оқытуды ұсынуға міндетті, ал жұмыскерлер заңнама талаптарына сәйкес ҚЕҚОҚ бойынша осындай оқыту мен білімді тексеруден өтуге міндетті.
- Барлық деңгейі жұмыскерлері өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде ҚЕҚОҚ-тың талаптарын сақтауға тікелей жауапты.
- Барлық деңгей басшылары ҚЕҚОҚ бойынша аудиттерге және тексерулерге жеке қатысулары қажет.
- Барлық деңгейдегі басшылар, қызметкерлермен бірлесіп, жұмыс орындарындағы қауіпті анықтауға, тәуекелдерді бағалауға және бақылауға қатысуға міндетті.
- Барлық қауіптер іс жүзінде мүмкін болатын көлемде уақтылы жойылуы керек.
- Болған барлық оқиғалар мен әлеуетті қауіпті жағдайларды ескеру, тергеу, талдау және олардың салдары жойылуы керек.
- Мердігерлік ұйымдардың басқаруында ҚЕҚОҚ бойынша бірыңғай стандарттары қолданылу тиіс. ҚЕҚОҚ бойынша қызмет көрсеткіштері тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерді іріктеу кезінде ескерілуі тиіс.
ПҚОСИ-да «ҚЕҚОҚ басқару жүйесі туралы нұсқаулық» әзірленіп, енгізілді. Нұсқаулықтың құрылымы ISO 45001:2018 халықаралық стандарттың құрылымына бейімделген.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын төмендету мақсатында компания қызметкерлерін тасымалдайтын барлық көлік құралдары борттық бақылау жүйесімен (GPS) жабдықталады. Үш жылда бір рет барлық жүргізушілер қауіпсіз жүргізу бойынша курстарда біліктілігін арттырып тұрады. Жүргізушілердің ауысымалды міндетті медициналық тексерістерін өткізуге кәсіби медициналық мекемемен шарт жасалған.
Компанияда ҚЕҚОҚ бойынша тәуекелдерді басқару бағдарламасы іске асырылды. Қауіпті факторлар сәйкестендіріліп, жұмыс орындарындағы ҚЕҚ бойынша тәуекелдер, соның ішінде ҚЕҚОҚ басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін тәуекелдер бағаланды, анықталған тәуекелдерді бақылау және төмендету бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленді.
Барлық оқиғалар мен әлеуетті қауіпті жағдайлар SAP жүйесінде ҚЕҚОҚ оқиғаларын басқарудың автоматтандырылған модулі арқылы тіркеледі, зерттеледі және талданады.
Әр жылдың маусым айында Компания ҚЕҚОҚ айын ұйымдастырады. Ай шеңберінде өткізілетін іс-шаралар жұмыскерлердің ҚЕҚОҚ мәселелері бойынша мәліметтер алуын жақсартуға, басшылықтың барлық деңгейлерінде қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға және келешекте ҚЕҚОҚ басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.