ресми сайт

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Өндірістік нысандардағы экологиялық қауіпсіздік – Компанияның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Табиғатты тиімді пайдалануға инвестиция салу арқылы «ПетроҚазақстан» компаниясы барлық өндірістік нысандардағы және іргелес жатқан аумақтардағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым нысандарын салуда.
Өндірістік процестердің қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында Компания халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін, ресурс үнемдейтін технологиялар мен процестерді енгізуге, табиғат қорғау іс-шараларына жыл сайын айтарлықтай қаржы бөледі.
«ПКОП» ЖШС әлеуметтік экологиялық жобаларға белсенді қатысады. Кәсіпорын аумағында және санитарлық-қорғалатын аймақта ағаш көшеттері мен жасыл желектерді отырғызу бойынша жыл сайын акция өткізеді.
Ірі экологиялық оқиғаларды болдырмау, атмосфераға шығарылатын шығарындылар бойынша талаптарды, ағызынды суларды және қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу талаптарын сақтау, қалдықтарды азайту, өңдеу және қайта пайдалану – Компанияның табиғатты қорғау қызметіндегі басым бағыттарының бірі болып табылады.
Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес «ПКОП» ЖШС-да шекті-рұқсат етілген шығарындылар мен төгінділердің белгіленген нормативтерінің сақталуын бақылау және зауыттың санитарлық-қорғалатын аймағындағы топырақ сапасын бақылау аясында зауыт нысандарына тексеру жүргізіледі және қоршаған орта компоненттерінің жағдайына аспаптық өлшеулер жүргізіледі.
Тазалау құрылғыларын жаңғырту аясында мұнай шламын өңдеу торабы салынып, пайдалануға берілген. Мұнай шламын 2 фазаға бөлетін және ұсталып (сүзіліп) алынған мұнай өнімдерін технологиялық процеске қайтаратын декантерлік қондырғыда өңдеу қарастырылған. Бұл шара экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, себебі ол кәсіпорынның шламжинағыштарында мұнай өнімдерінің жиналуын болдырмайды.

2025 жылы тазартылған ағызынды сулардың қайтарылған және қайта пайдаланылған өнеркәсіптік ағызынды сулардың көлемі 1381,943 мың м3 құраған, оның ішінде өрт сөндіру жүйесіне 493,360 мың м3 тазартылған ағызынды су қайтарылған. Ультрасүзгілеу және кері осмос сияқты «Терең тазалау» қондырғыларынан кейін айналма сумен жабдықтау блогына 888,583 мың м3 тазартылған ағызынды су берілген, бұл осынша көлемдегі таза техникалық суды үнемдеуге мүмкіндік берген.

Кәсіпорында атмосфераға шығарылатын ластағыш шығарындыларға автоматты мониторинг жүргізу жүйесі енгізілген (CODEL International Ltd (Ұлыбритания) фирмасының автоматты мониторинг жүргізетін жабдығы). Автоматты мониторинг жүргізетін жабдықтарды орнату үшін ластағыш заттарды шығаратын 4 көз анықталды:

  • №0001 (№1 цехтың ЛК-6У қондырғысы);
  • №0101 (№1 цехтың С-700 изомерлеу қондырғысы);
  • №0203 (№3 цехтың С-1100 бензинді гидротазалау қондырғысы);
  • №0206 (№2 цехтың С-3500 бу дайындау қондырғысы).

2025 жылдың ақпан айынан бастап ластағыш шығарындыларына автоматты мониторинг жүргізетін осы 4 қондырғыдан алынған деректер «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға онлайн берілуде.

Бірінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін кешенді экологиялық рұқсат алатын ТОП-50 кәсіпорынның қатарына кіретін «ПҚОП» ЖШС 2025 жылғы 8 сәуірде алғашқылардың бірі болып №KZ51VRL00039836 кешенді экологиялық рұқсат алды.

Экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін кәсіпорын экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын әзірледі және бағдарламаға 2 іс-шара енгізілді:

1) Зауыттың айналма отын жүйесіне берер алдында отындық газды тазалау үшін Merox (mercaptan oxidation) процесін енгізу. Технология отындық газды күкіртті қосылыстардан (күкіртсутектен, меркаптандардан және т.б.) аминді және сілтілік тазалауды және тазартылған газды (ГОСТ 5542-2014 стандарты бойынша күкіртсутегінің мөлшері 0,02 г/м3 аспайтын, меркаптанды күкірт мөлшері 0,036 г/м3 аспайтын газды) зауыттың айналма отын жүйесіне беруді қарастырады (2030 жылдан бастап күкірт диоксидінің көрсеткіші бойынша – 400 мг / нм3 көрсеткішке қол жеткізуді қарастырады);

2) Тазалау тиімділігін арттыру мақсатында ағызынды суларды тазалайтын тазарту құрылыстарын жаңғырту (ол 2034 жылдан бастап – ағызынды сулардағы мұнай өнімдерінің концентрациясын 0,3 мг/дм3 көрсеткішке жеткізуді қарастырады).

Кешенді экологиялық рұқсаттың артықшылықтары:

  • Рұқсаттың ұзақ мерзімділігі – Кешенді экологиялық рұқсат 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі;
  • Салық төлемдерінен босату – Салық кодексіне сәйкес Кешенді экологиялық рұқсат бар болса және оның шарттарын сақтаған жағдайда қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төленетін төлемге 0 коэффициент қолданылады;
  • Ең үздік қол жетімді технологияларды енгізу – қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, өндірістің энергия және ресурстық тиімділігін арттыруға ықпал етеді;
  • Кәсіпорынның экологиялық жауапты табиғат пайдаланушы ретінде инвестициялық тартымдылығы мен іскерлік атақ-абыройы артады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz